Аман болсын ...
Аман болсын ...

Бөлек шығар өз отауым, есігім,

Әнмен тербеп келіншегім бесігін.

Аман болсын таласатын ағайын

Мен қоям деп бөпешімнің есімін.

 

Жеңіл болар әр қатаның жарасы,

Тұрғанында үлкендердің батасы.

Аман болсын бәйек болып бағатын

Бөпешімнің апасы мен атасы.

 

Сонда болар туысқанның төресі,

Сонда болар жақындықтың өресі.

Күн де туар нағашысы сарылып,

Құшақ жайып қарсы алатын бөлесі.

 

Бұл өмірдің өлшенбейтін бағасы,

Өзгесінен биік, асқақ, дарасы –

Аман болсын бәрінен де бөпемнің

Түн ұйқысын төрт бөлетін мамасы.

Нұржан НұрланұлыНұржан Нұрланұлы
9 жыл бұрын 6553
1 пікір
Блог туралы