Бұл күні Алла Тағала он пайғамбарға он түрлі сый берген!
Бұл күні Алла Тағала он пайғамбарға он түрлі сый берген!

«Мұхаррам» айы мен «Ашура» күні қасиетті дінімізде қала берді діндер тарихында ерекше орынға ие. Хадис кітаптарында бұл күннің «Ашура» деп аталуының тағы бір сыры бұл күні Алла Тағала он пайғамбарға он түрлі сый берген деседі. Олар:

1. Мұса ﴾а.с.﴿ пайғамбардың мұғжизасы. Ол осы күні теңізді жарып шығып,  Перғаунды әскерімен қоса теңізге батырады.

2. Нұх ﴾а.с.﴿ пайғамбар кемесін Жуди тауының үстіне осы күні тіреген.

3. Юнус ﴾а.с.﴿ пайғамбар балық ішінен осы күні құтылған.

4. Адам ﴾а.с.﴿ пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.

5. Юсуф ﴾а.с.﴿ пайғамбар бауырлары тастаған құдықтан осы күні шығарылған.

6. Иса ﴾а.с.﴿ пайғамбар осы күні дүниеге келген және осы күні көкке көтерілген.

7. Дәуіт ﴾а.с.﴿ пайғамбардың тәубесі осы күні қабыл болған.

8. Ибраһим ﴾а.с.﴿ пайғамбардың ұлы Исмаил ﴾а.с.﴿ пайғамбар осы күні дүниеге келген.

9. Якуб ﴾а.с.﴿ пайғамбар ұлы Юсуф ﴾а.с.﴿ үшін қайғырып соқыр болған көздері осы күні қайта көре бастаған.

10. Айюб ﴾а.с.﴿ пайғамбар науқасынан осы күні айыққан.

Сондықтан осы күннің қадір-қасиетін ұғып, шамамыз келгенше жақсылық жасап, күндізін оразамен, түнін құлшылықпен өткізейік, ағайын!

 

Батыржан Берденұлы Мансұров

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы

www.muftyat.kz сайтынан

Нұржан НұрланұлыНұржан Нұрланұлы
9 жыл бұрын 7542
4 пікір
  • Аллаһу Әкбар. Осы күнді Оразамен өткізіп, АЛЛА Тағала біздің де дұға-тілектерімізді қабыл қылғай!!!
    9 жыл бұрын
  • Осы түнде тілек тілеу керек пе? Кім біледі айтыңыздаршы?
    9 жыл бұрын
    • Жалпы кез-келген күні дұға-тілекте болған дұрыс қой. Ал осы күннің құрметіне Ораза тұтып, дұға-тілек жасаса, сауабы артығырақ болар бәлкім. Анығын АЛЛА біледі.
      9 жыл бұрын
Блог туралы