Анам барда айтылатын жыр-ән көп
Анам барда айтылатын жыр-ән көп

Бұйырмаса, бұйырмасын бақ-дәулет –

Анам барда айтылатын жыр-ән көп.

Анам барда бақыттымын, асқақпын,

Анам барда асқақ тұтас бір әулет.

 

Аман болсын "Ана" деген бар адам,

Бұдан өзге мен Алладан сұраман!

 

Бұйырмаса, бұйырмасын хан сарай –

Жарым барда үзілмеген үмітім.

Жарым барда жазылады жыр талай,

Жарым барда қажырлымын, күштімін.

 

Алла қуат берсін бізге, ағайын,

Әйелдердің қамдайтұғын күтімін!

 

Бұйырмаса, бұйырмасын қазына –

Қарындасым бір қызығы өмірдің.

Тағдырыма болсын қандай базына,

Ол жан барда гүлдеп тұрса көңілім?!

 

Шаттығыңа құрбан болсын шыбын жан,

Қарындасым, сая тапқын қасымнан!

 

Дүние жарық көкте нұрлы күнімен,

Дүние – ләззат қыздарымның үнімен.

Қос қызығым шуақ берер жаныма,

Бірін артық көре алмадым бірінен.

 

Әр шаңырақ толы болсын сәбиге,

Күлкісімен көңілдерді тербеген!

Нұржан НұрланұлыНұржан Нұрланұлы
9 жыл бұрын 10591
1 пікір
Блог туралы